Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың сапа бақылау нәтижелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен аумақтық Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің (бұдан әрі - ІМАД) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі - Стандарттар) және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс өз жалғасын табуда.

2024 жыл бойынша екінші деңгейдегі сапа бақылауымен барлығы - 401 ІМАД аудит материалы қамтылған, оның ішінде 21 (5,2 %) материал Стандарттарға және Қағидаларға сәйкес келмейді.

Орындалған аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Стандарттарға сәйкес келмейтін аудиторлық материалдардың саны айтарлықтай азайды.

Осылайша, талдау Стандарттарға сәйкес келмейтін аудиторлық материалдардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға төмендегенін көрсетті.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Стандарттарға сәйкес келмейтін материалдардың екінші деңгейдегі сапа бақылауы мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылды:

- ҚР ҚМ Апелляциялық комиссияның ұсынымдары негізінде - 12 материал;

- жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік аудит объектілерінің өтініштері және шағымдарының негізінде - 5 материал;

- ІМАД-і жүргізген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау (ҚБ/ТБЖ кіші жүйесі арықылы аудит материалдарын жоспарлы іріктеу) негізінде - 18 материал.

Стандарттарды және Қағидаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында Комитет тоқсан сайын ІМАД шолу хаттарын жібереді.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнама бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында Комитет ІМАД-і қызметкерлерінің қатысуымен тұрақты негізде техникалық оқыту жүргізеді, онда 2-деңгейдегі сапаны бақылау қорытындыларында көрсетілген кемшіліктер мен ескертулерді алдын алу мақсатында талқыланады.

Осыған ұқсас жұмыстар Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен Стандарттар мен Қағидалардың бұзылуына жол бермеу және алдын алу мақсатында жүргізілуде. Мәселен, ағымдағы жылдың ішінде ІМАД мемлекеттік аудиторлар мен ассистенттердің қатысуымен 220-дан астам техникалық оқытулар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізді.

Дата публикации
22 января 2025
Дата обновления
22 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы