Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың қызметінің қорытындысы

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекетік аудит департаменті (әрі қарай - Департамент) 2024 жылдың 77 аудиторлық іс-шара өткізді (оның ішінде сәйкестік аудиті бойынша – 74, қаржылық есептілік аудиті бойынша - 3). Сәйкестік аудитімен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі (қаржылық есептілік аудитін есепке алмағанда) 63,7 млрд. теңгені құрады.

Тексеру барысында жалпы сомасы 110,1 млрд. теңгеге бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі заңнаманың бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 9,7 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтарға, ал 100,4 млрд. теңге процедуралық бұзушылықтарға жатады.

Анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою үшін департамент шаралар қабылдады, нәтижесінде 0,6 млрд. теңге сомасына бюджет қаражатын қалпына келтіруге және өтеуге мүмкіндік туды.

Ағымдағы жылы 69 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар 5-і қызметінен босатылды.

Анықталған бұзушылықтарды жою және бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында департамент 69 нұсқама жіберді. Есепті күнге орындау мерзімі 40 нұсқама бойынша келді, олардың барлығы толық орындалды.

Анықталған бұзушылықтарды талдау нәтижесінде аудит объектілерінде жалақыны есептеу және төлеу жөніндегі қағидалардың талаптары жиі сақталмайтынын көрсетіледі, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстар үшін негізсіз жалақыны, сыйақыны және өзге де төлемдердің жүзеге асырылуы анықталады, және де орындалмаған жұмыс көлемі үшін бюджет қаражатының аудару фактілері орын алады.

Бюджеттік және де басқа Қазақстан Республикасының заңнамалары саласындағы нормативтік-құқықттық актілерді тиісті деңгейде мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлерімен зерделенбеуі анықталған бұзушылықтардың себептері болып табылады.

Мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуына бақылауды күшейту және бюджеттік қаржыландыру саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігі туындайды.

 

 

Дата публикации
17 января 2025
Дата обновления
17 января 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы