Меню

Страницы

Статья

Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы аудит қорытындылары

2024 жылы Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің қызметкерлері "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ, сондай-ақ "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ-де аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында қаржылық бұзушылықтар анықталды

Мәселен, жоғарыда аталған мекемелер Павлодар облысының аумақтық бірліктеріне инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды (жобаларды) іске асыру үшін нысаналы трансферттер түрінде бюджет қаражатын бөлді.

Бірқата жобаларға аудит жүргізу нәтижесінде елеулі бұзушылықтар анықталды.

Осылайша, өз қызметі шеңберінде жобаларды іске асыруға жауапты мекемелер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын сақтамаған.

Бұдан басқа, мекемелермен жұмыстардың орындалуынкөзделген стандарттар мен нормалардың сақталуын бақылау қамтамасыз етілмеген бұл даму бағдарламаларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкелді.

Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 994 770,9 мың теңге.

Қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.

Дата публикации
17 января 2025
Дата обновления
17 января 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы