Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген жария мүдделі ұйымдардың Депозитарийге қаржылық есептілікті тапсыру қағидаларына сәйкес жария мүдделі ұйымдардың (бұдан әрі - ЖМҰ) қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі – Депозитарий) қаржылық есептілікті ұсыну тәртібі айқындалған.
Көрсетілген Қағидалардың қолданылуына байланысты «Ақпараттық есеп орталығы» акционерлік қоғамына қаржылық есептілікті уақтылы тапрсырмағаны немесе тапрсырмағаны үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 239 және 250-баптарында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
2024 жылы Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Кодекстің 239-бабы бойынша қаржылық есептілікті тапсырмағаны немесе депозитарийге уақтылы тапсырмағаны үшін жалпы сомасы 2 213,35 мың теңгеге 10 ЖМҰ объектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Бұдан басқа, Кодекстің 250-бабы бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін жалпы сомасы 230,75 мың теңгеге 8 ЖМҰ объектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте, бүгінгі күні салынған әкімшілік айыппұлдардан Кодекстің 239-бабы бойынша 1 659,55 мың теңге сомасына (немесе 75%) және Кодекстің 250-бабы бойынша 175,37 мың теңге (немесе 76%) мемлекет кірісіне өтелді.
Өтелмеген әкімшілік айыппұлдар сомасы бойынша Департамент Жеке сот орындаушылар палатасы арқылы мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде.
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Қазақстан Республикасының заңнамасын жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жария мүдделі ұйымдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын тұрақты негізде зерделеуді ұсынады.