Меню

Страницы

Статья

Сырым ауданының ауылдық округтерінде бюджет қаражатын пайдалану аудитінің қорытындылары: қаржылық бұзушылықтар және өтеу жөніндегі шаралар анықталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сырым ауданының ауылдық округтерінде, атап айтқанда "Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Шолақанқаты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ (бұдан әрі – мекемелер) бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді және 2024 жылға арналған тізбе негізінде мемлекет активтерін тексерді.

Аудит барысында барлық мекемелер бойынша өтелуге жататын бірдей қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

  • №256 Ереженің 4-тармағын бұза отырып, қызметкерлерге кезең ішінде іссапар шығындары негізсіз төленген;
  • Үкіметтің №451-ҚБП қаулысын бұза отырып, қызметкерге жалақы артық төленген;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 3-тармағын бұза отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы белгіленген шектен (15 АЕК) артық төленген;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1210 қаулысының 1-кестесінің 2-тарауын, Қаржы министрінің №179 бұйрығына 1-қосымшасын және Сырым ауданы әкімінің №1 шешімін бұза отырып, мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілген нормалардан тыс ЖЖМ (бензин) есептен шығарылған.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы анықталды.

Барлық нысандар бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 587,0 мың теңгені құрады.

Аудит барысында 154,9 мың теңге өтелді.

Жол берілген қаржылық бұзушылықтардың себептері мекемелердің бухгалтерлерінің бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы, мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді сақтамауы болды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы мен 238-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылықтар анықталды.

Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит туралы заңнамасына сәйкес бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

 

Дата публикации
31 декабря 2024
Дата обновления
31 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы