Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы мемлекеттік аудиттің нәтижелері

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлкеттік аудит департаментімен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мекемелерінде бюджеттік қаражат пен мемлекет активтерін пайдалану кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдармен бюджеттік және өзге де заңнаманы сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шаралар өткізілді.

Өткізілген аудиторлық іс-шаралармен 8 411,7 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Тексерілетін кезеңде қаржы және шаруашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде мекемелер бюджеттік бағдарламалар көзделген көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге, орындалмаған жұмыс көлемі үшін мердігер ұйымдарға негізсіз ақы төлеуге, штат бірліктерін ұстауға арналған шығыстарды шамадан тыс жоспарлауға, есептегі қорларды және негізгі құрал-жабдықтарды есеп бойынша және амортизацияны көрсетілмеуіне/дұрыс көрсетілмеуіне, айып төлеудi өндiрiп алу бойынша шаралар қабылдамауға және шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін сотқа талап арызбен жүгінбеуге әкеп соққан Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы нормаларының бұзылуына жол берілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 11 лауазымды тұлға тартылды, 6,1 млн.теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 40 хаттама жасалды.

 

Дата публикации
26 декабря 2024
Дата обновления
26 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы