Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Ақтөбе облысының прокуратурасының 21.02.2024 жылғы №2-03-24-01530 талабы негізінде, ҚР заңнамаларына сәйкестігіне «Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ–де жоспардан тыс аудиторлық тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде төмендегідей бұзушылықтар анықталды.
«Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ мен жеке тұлға Әбдікәрім Ақсезім Мұхашқызы арасында 2023 жылдың 7 қарашасындағы №47 (101240017004/230057/00) өткізілген сатып алудың қорытындысына сәйкес «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары үшін тұрғын үй (пәтер) сатып алу» бойынша келісімшарт жасалынған. Келісімшарттың жалпы сомасы 672 000,0 мың теңгені құрайды.
Мекемемен жалпы сомасы 672 000,0 мың теңге жеке тұлға Әбдікәрім Ақсезім Мұхашқызына 24.11.2023 жылы №4660762/23-366 санды төлем тапсырмасына сәйкес 451200,0 мың теңге және 24.11.2023 жылы №4660762/23-365 санды төлем тапсырмасына сәйкес 220800,0 мың теңге келісімшартты және тауарды алу-беру актісін ұсынбай аударылған.
Қарап тексеру кезінде аталған тұрғын үйдің техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Яғни, пәтерлер қоныстануға дайын емес: үйдің жөндеу, әрлеу жұмыстары төмен сапада, яғни әрлеу жұмыстары толық орнындалмаған (отсутствует чистовая отделка), бөлме аралық есіктері қондырылмаған, жуынатын бөлме ваннамен (металл, эмальданған болат) немесе душ кабинасымен жабдықталмаған, яғни душ науасы орнатылған және де жандары кафельмен жабдықталмаған, еден төсеніші (ленолеум) өте жұқасы орналастырылып, ленолеум астындағы төсеніші салынбаған, плинтус орнатылмаған және 5 қабат пәтерлері төбесінен су аққан.
Алайда, тұрғын-үй, құжаттар бойынша дайын күйде сатып алынуы қажет еді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43-бабы 26-тармағы, келісімшарттың 1.1 талаптары және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптары бұзылып, Мекемемен жеке тұлға Әбдікәрім Ақсезім Мұхашқызына 672 000,0 мың теңге негізсіз аударылған.
Қазіргі таңда бюджет кірісіне 359 290,5 мың теңге өтелді.
Тексеру қорытындысымен аудан әкіміне және бөлім басшысына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды.