Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы №60 жалпы орта білім беретін мектепте қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысының білім басқармасының Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты «№60 жалпы орта білім беретін мектебінде» жүргізілген аудиторлық тексеру нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар мен рәсімдік кемшіліктер анықталды.

Аудит барысында мекеменің педагогикалық қызметкерлеріне еңбек жалақысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек Кодексінің» 79-бабы 1-тармағы мен 103-бабы 1-тармағының және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысының талаптарының сақталуы тексерілді.

2021 жылдың 1 қыркүйегінен 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде еңбек ақыдан жалпы сомасы 3,06 млн теңге артық есептеліп, төленгені белгілі болды. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 2,7 млн теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V Заңының талаптарына сәйкес, 2024 жылғы 18 сәуірде №06-16/1859 нұсқама жіберілді. Оның негізінде артық төленген 3,06 млн теңгенің 2 млн теңгесі жергілікті бюджеттің 206109 шотына қайтарылды. Қалған 1,06 млн теңгені бюджетке қайтару бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Дата публикации
25 декабря 2024
Дата обновления
25 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы