Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2024 жылдың 11 айында мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің 19 750-ін жалпы сомасы 193 млрд теңге сомасында камеральдық бақылаумен қамтыды.
Нәтижесінде 22,3 млрд теңге сомасына 2 604 бұзушылықты жою туралы хабарлама жолданды.
Сонымен қатар, хабарламаларды дұрыс орындамағаны үшін 35 лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 462-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Осы уақыт аралығында камеральдық бақылау аясында 1 944 шағым қаралды, олардың 1 301-і толық немесе ішінара қанағаттандырылды, 643-іне бас тартылды.