Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жария мүдделі ұйымдардың әкімшілік жауапкершілігін қарау жөніндегі жұмысы

Жария мүдделі ұйымдар  жыл сайын есепті жылды келесі жылдың 31 тамызына дейін заңнамаға сәйкес бекітілген жылдық қаржылық есептілікті ұсынуға міндетті.

Қаржылық есептілік оны бекіту туралы шешіммен және аудиторлық есеппен бірге «Қаржылық есептілік депозитарийі» арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуінің клиенттік бөлімі арқылы депозитарийге тапсырылуға дайындалады.

Осылайша, интернет қолданушысы әлемнің кез келген нүктесінен осы қаржылық есептілікті ала алады, оны зерттеп, салыстырып, қорытынды жасай алады: шын мәнінде ол халықаралық стандарттарға сәйкес жасалады ма, және қандай да бір компания барлық шаруашылық операцияларын толық ашып көрсетеді ме.

Бұл, жанама түрде, сыбайлас жемқорлықпен күресуге көмектеседі, сондай-ақ ел экономикасының ашықтығын және транспаренттілігін арттырады. Сонымен қатар, бұл ақпарат халықаралық рейтингтік компаниялар үшін де қажетті болатыны сөзсіз.

Алайда барлық қоғамдық мүддесі бар ұйымдар заңда белгіленген мерзімде жылдық қаржылық есептілікті тапсыру талабын орындамайды.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстің 722-бабына сәйкес Қаржы министрлігінің органдары Кодекстің 239 және 250-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарастырады.

 

Дата публикации
25 декабря 2024
Дата обновления
25 декабря 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы