Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Онкологиялық орталығында» қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Онкологиялық орталығында» онкологиялық аурумен ауыратын науқастарды емдеуге жұмсалған қаржылардың Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормаларына сәйкестігіне аудиторлық тексеріс жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының талаптары сақталмағаны үшін жалпы 33,9 млн. теңге көлемінде бұзушылық тіркелген.

2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрықтың талаптары бұзылып, 6,2 млн. теңге көлемінде сәйкессіздік анықталған.

Министрдің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығының талаптары орындалмаған. Соның нәтижесінде «Аферолимус» 10мг №60 препараты бойынша 26,1 млн. теңге көлемінде бұзушылық анықталып, ол туралы ақпарат немесе хабарлама хат Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жіберілмеген.

18.08.2023 жылғы №33 қаулының талаптарын сақтамау салдарынан 1,1 млн. теңге негізсіз тағайындалған.

2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығының орындалмауы нәтижесінде 156,4 мың теңге тиімсіз жұмсалған.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, орталықтың жұмысын жақсартуға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Құқықтық жауапкершілік пен қаржы тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында басқарма жан-жақты бақылауды күшейтеді.

 

 

Дата публикации
25 декабря 2024
Дата обновления
25 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы