Меню

Страницы

Статья

Электрондық депозитарий туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген Жария мүдделі ұйымдардың депозитарийге қаржылық есептілікті тапсыру қағидаларында жария мүдделі ұйымдардың депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну тәртібі айқындалған.

 «Ақпараттық есептеу орталығы»  АҚ депозитарийіне қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Жария мүдделі ұйымдардың электрондық депозитарийге жылдық қаржылық есептілікті уақтылы тапсырмауына байланысты Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жария мүдделі 4 ұйымды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ, аудиторлық есепті жылдық қаржылық есептілікке ұсынбаған 3 ұйым белгіленген мерзімде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1 015 300 теңгені құрады, толық көлемде төленді.

Осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Департамент жария мүдделі ұйымдарға қолданыстағы заңнаманы тұрақты негізде сақтауды, сондай-ақ міндетті аудит жүргізу және қаржылық есептілікті тапсыру жөніндегі мәселелерді бақылауда ұстауды ұсынады.

Дата публикации
24 декабря 2024
Дата обновления
24 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы