Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен ағымдағы жылдың 11 айында 728,67 млрд теңгені құрайтын 28 453 лот бойынша камералдық бақылау жүргізілді.
58,1 млрд теңгеге 2 287 лот бойынша бұзушылықтар анықталып, бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданды.
Әлеуетті өнім берушілерден мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолданған 3092 шағым қаралды, 937-і толық қанағаттандырылды, 1466-сы қанағаттандырылмады, 666 шағым бойынша ішінара расталды.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 71 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 35 хаттама толтырылды.
Мысалы, Департаментке мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы әлеуетті өнім беруші «QRG Standart» ЖШС-нен №12791585-1 «Бөгендер мен бөгеттердің ғимараттары мен құрылыстарының сенімділігі мен орнықтылығына техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу» мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз деп танылған «NASA Corporation» ЖШС-нің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі туралы шағымы келіп түсті.
Конкурстық құжаттамаға сәйкес, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерге материалдық және еңбек ресурстарына иелік ету бөлігінде біліктілік талаптарын белгіледі, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық тексеру жүргізуге сертификаты бар сарапшы – 3 бірлік.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша № 6 тәуекел бейініне жататын бұзушылықтар анықталды (Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, әлеуетті өнім берушіні жіберу туралы шешім қабылдау) «NASA Corporation» ЖШС-нің еңбек ресурстарының болуын растайтын құжаттар (жеке басын куәландыратын құжат) қоса тіркелмеген.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы хаттамасын қайта қарау арқылы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді.