Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағына сәйкес "Мемлекеттік мекеме:төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін;төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын;ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын;бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы баптың 5-тармағында көрсетілген, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды табыс етуін қамтамасыз етеді".
Қазақстан Республикасының 23.11.2015 ж. №414-V Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағына сәйкес "Жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Айлық жалақының мөлшері ең жоғары мөлшермен шектелмейді.
Бюджет қаражатын пайдаланудың сәйкестігі аудиті мәселесі бойынша жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша «Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де жұмыспен қамту бөлімінің 2023 жылғы қызметкерлеріне жалпы сомасы 26,3 млн теңгеге жалақы мен іссапар шығыстарын карточкалық шоттарға негізсіз аудару белгіленді.
Мемлекеттік аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау туралы аудиторлық қорытынды мен нұсқама жіберілді.
Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің жауабына сәйкес мынадай шаралар қабылданды: бюджетке толық көлемде 26,3 млн теңге өтелді.