Меню

Страницы

Статья

Бір көзден алу тәсілімен тікелей жасалған шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді орындау мәселесіне сәйкестік аудиті

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағына сәйкес: «Мемлекеттік мекеме мынадайды қамтамасыз етеді:

  • төлемге шот ұсынудың заңдылығын және негізділігін;
  • төлем шотындағы реквизиттердің дұрыстығын;
  • ақша алушыларға төлем міндеттемелерін орындаудың уақтылығын және толықтығын;
  • тауарлар жеткізіліп, жұмыстар орындалғанын және (немесе) қызметтер көрсетілгенін, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шарттарға сәйкес орындалғанын растайтын құжаттардың дұрыстығын;
  • азаматтық-құқықтық келісім-шарттарға сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды бюджеттерді орындауға жауапты орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесіне ұсынуды».

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджетті орындау және оның кассалық қызмет көрсету ережелерінің» 7-тарауының 215-бабына сәйкес:
«Мемлекеттік мекеме… қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне негізделген бюджет инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында мердігерге төлемді 10 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді, тауарлар жеткізіліп, жұмыстар орындалғанын және (немесе) қызметтер көрсетілгенін, сондай-ақ азаматтық-құқықтық келісім-шарттарға сәйкес орындалғанын растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді».

Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бюджеттік қаражаттарды пайдалану кезінде Бюджет кодексінің, Мемлекеттік сатып алу туралы заңның, Бюджетті орындау және оның кассалық қызмет көрсету ережелерінің талаптары бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, мекеме жеткізушіден тауарларды жеткізбей тұрып, негізсіз түрде 68,4 млн теңге бюджет қаражатын төледі. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзылып, жеткізуші жосықсыз қатысушы ретінде танылмаған және 3,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл өндірілмеген.

Мемлекеттік аудит объектісіне аудиттік қорытынды және анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыныс жолданды.

Мемлекеттік аудит объектісінің жауабына сәйкес қабылданған шаралар нәтижесінде тауар 68,4 млн теңге сомасына жеткізілді және 3,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл бюджетке өндірілді.

 
 
 
 
 
 

 

 
Дата публикации
10 декабря 2024
Дата обновления
10 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы