Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің рөлі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталуын бақылауға жауапты Әдеп жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Өз өкілеттігі шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға әдеп мәселелері бойынша кеңес береді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарды, Әдеп кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Астана қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік қызметшілері азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және оларға жауап береді, заңнамада белгіленген құзыреттер шеңберінде мемлекеттік аудит объектілеріне тексерулер жүргізеді. Бұл ретте кәсіпқойлық, сыртқы келбет және этикалық нормаларды сақтау маңызды рөл атқарады.

Осыған байланысты Әдеп жөніндегі уәкіл іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді: семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган өткізетін іс-шараларға қатысады; интернет-ресурстарда мақалалар мен материалдарды жариялайды, азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдайды, қызметкерлер арасында мониторингтер мен сауалнамалар жүргізеді.

2024 жылдың өткен кезеңінде Әдеп жөніндегі уәкіл 10-нан астам отырыс өткізіп, Департаменттің 18 қызметкеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері қызметтік этика нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеуге бағытталған анонимді сауалнамаға қатысты. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасы мәселелері бойынша мына мекенжайға жүгінуге болады: Астана қ., М. Әуезов к-сі, 14 ғимарат, 1 кабинет, телефон: 32-17-01

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі
Ахметов Ерқанат Төлегенұлы

 

Дата публикации
06 ноября 2024
Дата обновления
06 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы