Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың 9 айында 24 аудиторлық іс-шара өткізді.
Осы іс-шаралар барысында 5 113,6 млн теңге бюджет қаражаты қамтылды. Бюджет заңнамасының бұзушылықтары жалпы сомасы 4 588,6 млн теңгені құрады, оның ішінде рәсімдік бұзушылықтар 3 767,7 млн теңгені, қаржылық бұзушылықтар 820,9 млн теңгені құрады.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 585,1 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Есепті кезеңде камералдық бақылаумен 14 271 сатып алу қамтылды, оның ішінде 3 994 жағдайда жалпы сомасы 38 930,4 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды. Барлық бұзушылықтар бойынша хабарламалар жіберілді, және олар толық көлемде орындалды.
Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексіне сәйкес 536 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 44,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның 26,6 млн теңгесі бюджетке өндірілді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департаментке 4 182 өтініш келіп түсті, олардың барлығы заңмен белгіленген мерзімде қаралды.