Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың 9 ай мерзімі іс-шараларының нәтижелері

2024 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 63 аудиторлық іс-шара өткізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 8,98 млрд теңгеге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 8,24 млрд теңге қаржылық бұзушылықтарға, ал 741 млн теңге рәсімдік бұзушылықтарға тиесілі.

Қалпына келтіруге, өтеуге және есепке алу бойынша көрсетілуге жататын жалпы сома 8,27 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:

 • 1,41 млрд теңге қалпына келтірілуі тиіс, оның 816 млн теңгесі тауарлар, жұмыстар және қызметтер арқылы қалпына келтірілді;
 • 700 млн теңге бюджетке өтелуге жатады, оның 380 млн теңгесі қайтарылды;
 • 6,13 млрд теңге есепке алу бойынша көрсетілуі тиіс, оның 6,12 млрд теңгесі көрсетілді;
 • 28 млн теңге сәйкестендіруге жатады және олар толығымен сәйкестендірілді.

Қалпына келтірілмеген және өтелмеген сомалар бойынша қылмыстық, сот және талап-арыз жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу көлемі 758 млн теңгені құрады.

Бақылау іс-шаралары нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 44 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 42 ұсыныс белгіленген мерзімде орындалды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін тексерілген объектілердің 48 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Камералдық бақылаумен 18 814 лоттың 18 511-і қамтылды. Оның нәтижесінде 2 309 хабарлама жіберіліп, 97-сі белгіленген мерзімнен кеш орындалған. Осыған байланысты 16 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес шаралар қолданылды.

Есепті кезеңде Департаменттің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 10,3 млн теңгеге 142 әкімшілік хаттама жасады, оның 9,7 млн теңгесі бюджетке өндірілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

2024 жылдың 9 ай мерзімі   іс-шараларының нәтижелері

 
 
Дата публикации
24 октября 2024
Дата обновления
24 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы