Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысы

Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың 9 айында 29 аудиторлық іс-шара өткізіп, жалпы сомасы 192,7 млрд теңгеге бұзушылықтар анықтады.

Анықталған бұзушылықтар 3,6 млрд теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтарды және 189,1 млрд теңгеге рәсімдік бұзушылықтарды қамтиды. Оның ішінде 4,5 млрд теңге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактілеріне тиесілі.

Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 146,9 млн теңге қайтарылып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, жалпы сомасы 16,4 млрд теңгеге аудит материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.

Аудиторлық тексерулер нәтижесінде 92,8 млн теңге сомасына 865 әкімшілік іс қозғалып, оның 97,1% немесе 90,2 млн теңгесі бюджетке өндірілді.

Сонымен қатар, 2,5 трлн теңге сомасына мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізілді, нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы 4 577 хабарлама жіберілді.

Бюджетті жоспарлау және орындау кезеңдерінде, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді пайдалану барысында Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын сақтамау бұзушылықтарға әкелді.

 
 
Дата публикации
24 октября 2024
Дата обновления
24 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы