Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті әкімшілік өндірістерді заңнамада көзделген қаржылық бақылаудың маңызды шарасы ретінде белсенді түрде қолданып келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында жалпы сомасы 42,6 млн теңгеге 509 әкімшілік хаттама жасалды. Оның ішінде бюджетке 31,5 млн теңге өндіріліп, бұл 74,7%-ды құрады. Қалған 10,6 млн теңге заңды күшіне енбеген немесе мәжбүрлеп өндіріп алу сатысындағы айыппұлдарды құрайды.
Ең көп бұзушылықтар мемлекеттік сатып алулар саласында тіркелген. Өнім берушілерді жосықсыз қатысушылар деп тану рәсімдерін өткізбей немесе сотқа жүгінуді кешіктірмей шарттар жасасу жағдайлары жиі кездеседі. Сонымен қатар, жалақы, іссапар және басқа да шығындар бойынша негізсіз төлемдер анықталды.
Департамент әкімшілік істер бойынша қысқартылған іс жүргізу тәжірибесін белсенді қолдануда, бұл бұзушыларға “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жеті күн ішінде айыппұл сомасының 50%-ын төлеуге мүмкіндік береді.
Бұл тәжірибе айыппұлдарды өндіріп алу процесін жеделдетіп қана қоймай, қаржылық бақылау шараларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар мен бюджет қаражатын басқаруда тәртіпті күшейтуге ықпал етеді.