Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы 9 айдағы аудиторлық іс-шараларының нәтижелері

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 64 аудиторлық іс-шара өткізді, оның 37-сі мемлекеттік мекемелерде, ал 27-сі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жүргізілді.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 9,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде 5,6 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар, 3,8 млрд теңге – рәсімдік бұзушылықтар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 90,1 млн теңге өтелді, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жолымен 257,3 млн теңге қалпына келтірілді, сондай-ақ 4,9 млрд теңге есепте көрсетілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 936,7 млн теңгеге 50 лот қамтылды, оның ішінде 49 лотта 930,8 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жасаған адамдардың жауапкершілігін қарау мақсатында аудит объектілеріне 62 нұсқама жіберілді.

Есепті кезеңде Департамент 3,5 млн теңге көлемінде бюджетке толық өндірілген сомамен әкімшілік жаза қолданып, 20 лауазымды адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 50 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 адам атқаратын лауазымынан босатылды.

 
 
Дата публикации
24 октября 2024
Дата обновления
24 октября 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы