Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы жылдың 9 айында 674,48 млрд теңге сомасына 25 318 лотты қарады.
Бұзушылықтар 58,5 млрд теңге сомасына 2 156 лот (8,8%) бойынша анықталды, олардың ішінде 2 109 лотқа (54,9 млрд теңге сомасына) хабарлама жіберілді. Оның ішінде 601 хабарлама мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу арқылы, 69 — конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу арқылы, 429 — шарт жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою арқылы, 1 009 — қорытындылардың хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру арқылы орындалды.
Департамент мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жіберілген әлеуетті өнім берушілердің 2 941 шағымын қарады. 901 шағым қанағаттандырылды, 1 407-ден бас тартылды, 633 шағым ішінара расталды.
Лауазымды адамдарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 71 хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 207-бабы бойынша 26 хаттама жасалды.