Ағымдағы жылдың 9 айында Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 50 аудиторлық іс-шара өткізді. Аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі 29 млрд теңгені құрады.
Тексеру барысында жалпы сомасы 76,5 млрд теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнаманың елеулі бұзушылықтары анықталды. Оның 1,5 млрд теңгесі қаржылық бұзушылықтарға, 75 млрд теңгесі процедуралық бұзушылықтарға жатады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою үшін департамент шаралар қабылдады, нәтижесінде бюджетке 0,5 млрд теңге сомасына қаражатты қалпына келтіруге және өтеуге мүмкіндік туды. Ағымдағы жылдың 9 айында 53 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 4-і атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Анықталған бұзушылықтарды жою және бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында департамент 44 нұсқама жіберді. Есепті күнге орындау мерзімі 30 ұйғарым бойынша аяқталды, олардың барлығы толық орындалды.