2024 жылдың 9 айында Департамент 28 аудиторлық іс-шара өткізіп, олардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 17,5 млрд теңгеге бұзушылықтар анықтады. Бұл соманың 39,3%-ы (немесе 6,8 млрд теңге) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама саласындағы, ал 36,3%-ы (немесе 6,4 млрд теңге) мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану кезіндегі заңнаманы бұзушылықтарға тиесілі. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама саласында 2,7 млрд теңге көлемінде елеулі бұзушылықтар тіркелді.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан қаржылық бұзушылықтар 5 294,6 млн теңгені, рәсімдік бұзушылықтар – 12 216,2 млн теңгені құрайды. Есепті күнге қабылданған шаралар нәтижесінде 4 625,9 млн теңге (87,4%) сомасына бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілерінің 33 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департамент Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген бұзушылықтар бойынша 541 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде 24,5 млн теңге айыппұл салынды, оның 23,4 млн теңгесі (95,6%) өндірілді.
Прокуратура органдарының талабы бойынша маман ретінде тартылған Департамент қызметкерлері 10 қорытынды ұсынып, онда жалпы сомасы 168,8 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау аясында жалпы сомасы 330,4 млрд теңгеге 18 203 рәсім (лот) қамтылды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша 26,6 млрд теңгеге бұзушылықтарды жою туралы 2 180 хабарлама жіберілді.