Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы 9 айдағы аудиторлық іс-шараларының нәтижелері

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 123 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 117 іс-шара, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 6 іс-шара өтті.

Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 29 629,7 млн теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қамтылды, жалпы сомасы 79 036,7 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды (оның ішінде қаржылық есептілік аудитіне қатысты бұзушылықтар).

Анықталған бұзушылықтардың ішінде қаржылық бұзушылықтар 18 100,4 млн теңгеге, ал рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 60 936,3 млн теңгеге белгіленді.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 18 100,4 млн теңге өтелді, оның ішінде 221,2 млн теңге бюджетке өтелді, ал тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету арқылы қалпына келтірілген сома — 798,8 млн теңге, есепке алу бойынша қалпына келтірілген сома — 16 919,5 млн теңге.

2024 жылдың 9 айында камералдық бақылаумен 481 300,9 млн теңге сомасына жоспардың 20 099 лоттары мен пункттері қамтылды (қамту 98,5%-ды құрайды). 2 631 лот бойынша 49 434,3 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Департамент есепті кезеңде 62 лауазымды адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, 14,2 млн теңге сомасына әкімшілік жаза қолданылды, олар бюджетке толығымен өндірілді.

Аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 145 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.

Дата публикации
11 октября 2024
Дата обновления
11 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы