Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "№5 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ-де аудит жүргізуді аяқтады. Тексеру барысында жалпы сомасы 23 млн 462,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 22 млн 856,6 мың теңге қаржылық, ал 606,2 мың теңге процедуралық бұзушылықтарға қатысты болды.
Негізгі бұзушылықтар қатарында мыналар бар:
1. Қызметкерлерге 415,0 мың теңге көлемінде ынталандыру үстемелерін негізсіз төлеу.
2. Мемлекеттік рәміздер бейнеленген стендтерді 2 млн 916,0 мың теңге сомасына 7140 "Өзге операциялық шығыстар" шотына қате бухгалтерлік есептен шығару.
3. Тозу нормаларын дұрыс қолданбау нәтижесінде ұзақ мерзімді активтерге 8 млн 304,8 мың теңге артық амортизация есептеу.
4. Бастапқы құнды дұрыс анықтамауға байланысты 19 ұзақ мерзімді актив бойынша 321,4 мың теңге көлемінде амортизацияның толық есептелмеуі.
5. Негізгі құралдардың 5 атауында түгендеу нөмірлерінің болмауы, бұл 606,2 мың теңгені құрады.
6. Есепті кезеңнің соңында мекеменің таза активтеріне әсер еткен 10 млн 899,4 мың теңге сомасына жинақталған қаржылық нәтижені төмендету.
Аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою және жауапты тұлғаларды жауапқа тарту туралы нұсқама берілді. Қазіргі уақытта бюджетке 415,0 мың теңге қайтарылып, түзетуші бухгалтерлік жазбалардың көмегімен 22 млн 441,6 мың теңге қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес мекеменің бір лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.