Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Қазығұрт ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-не қатысты камералдық бақылауды аяқтады. Тексеру нысаны қауіпті емес қалдықтарды шығару (жинау) бойынша қызметтерді сатып алу болды.
Бақылау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы анықталды. Мекеме тендерлік рәсімдер аяқталғанға дейін күнделікті немесе апта сайынғы шұғыл қызметтер қажет болған жағдайда сатып алу тәртібін реттейтін талаптарды сақтамағаны белгілі болды.
Тексеру қорытындысы бойынша, анықталған бұзушылықтарды жою және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолданыстағы нормаларға сәйкестендіру туралы ресми хабарлама жіберілді.
"Қазығұрт ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Департаменттің ұсынымдарына жедел жауап беріп, қысқа мерзімде барлық ескертулерді жойды. Бұл бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға деген ұмтылысты көрсетеді.
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Қабылданған шаралар өңірдегі мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.