Меню

Страницы

Статья

Аудит Орал қаласында инватакси қызметтерін көрсету барысында заңбұзушылықтарды анықтап, 12 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды

Батыс Қазақстан облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті инватакси қызметтерін көрсетуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша "Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізді. Аудит барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы және мүмкіндігі шектеулі жандарға көлік қызметтерін ұсыну бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуы талданды.

Аудитте ерекше назар жеткізуші — "Ақ желкен" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің шарттық міндеттемелерін орындауына аударылды. Көрсетілген қызметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында, маршруттық парақтар негізінде мүгедектер мен олардың туыстарына 379 қоңырау шалынып, олардың жауаптары арқылы айтарлықтай заңбұзушылықтар анықталды: құжаттардағы қолтаңбалар қайтыс болған немесе басқа елді мекендерге көшіп кеткен адамдарға тиесілі болған, сондай-ақ кейбір мүгедектер көрсетілген күндері қызметті мүлде пайдаланбаған.

Осы фактілерді растау үшін Орал қаласының медициналық мекемелеріне ресми сауалдар жіберілді. Нәтижесінде, "Ақ желкен" 12 307 052 теңге көлемінде негізсіз бюджет қаражатын алғаны анықталды, себебі қызмет көрсетілмеген тұлғаларды тасымалдағаны үшін ақы талап еткен.

Аудит қорытындысы бойынша жедел шаралар қабылданып, "Ақ желкен" мүгедектер қоғамдық бірлестігі заңсыз алынған қаражаттың толық сомасын өз еркімен бюджетке қайтарды. Сонымен қатар, мемлекеттік мекеменің жауапты тұлғалары тәртіптік жазаға тартылды, ал мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы 10-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жағдай бюджет қаражатын пайдалану мен халықтың осал топтарына арналған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қатаң бақылаудың маңыздылығын көрсетеді. Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тиімді әрекеттері нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар жойылып, осындай оқиғалардың қайталануын болдырмауға мүмкіндік жасалды.

Дата публикации
29 сентября 2024
Дата обновления
29 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы