Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмысын қорытындылады. Осы кезеңде 56 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның 41-і аудит объектілерінде жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 38,9 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде:
• қаржылық бұзушылықтар 19,3 млрд теңгені құрады;
• процедуралық сипаттағы бұзушылықтар - 19,6 млрд теңге.
Анықталған бұзушылықтар арасында:
• ағымдағы шығыстар бойынша - 9,6 млрд теңге;
бюджеттік кредиттер бойынша - 5,4 млрд теңге;
• күрделі шығындар бойынша - 2,4 млрд теңге;
• бюджеттік инвестициялар және концессиялық жобалар бойынша - 2,04 млрд теңге;
• мемлекеттің міндеттемелері, мемлекеттік борыш, гранттар мен қарыздар саласында - 13,46 млн теңге;
• мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу - 12,3 млрд теңге;
• бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, сондай-ақ қаржылық есептілікті жасау саласындағы бұзушылықтар - 607,5 млн теңге;
• мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудағы бұзушылықтар - 6,7 млрд теңге.
19,3 млрд теңге көлеміндегі жалпы сомадан бұзушылықтарды өтеу, қалпына келтіру және есепте көрсету бойынша 1,9 млрд теңге ақшалай қаражат өтеліп, қалпына келтірілді және есепте көрсетілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 40 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында департамент мемлекеттік аудит объектілеріне 44 нұсқама жіберді. Бүгінгі таңда олардың 24-і толық көлемде орындалды, қалған 20 нұсқама бойынша орындау мерзімі әлі аяқталған жоқ немесе дәлелді себептермен ұзартылды.