Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторларымен 2024 жылдың 8 айында білім беру объектілерінде жоспардан тыс 7 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Аудит нәтижесінде жалақыны негізсіз есептеу мен аударуда, сондай-ақ жұмыстарды нақты орындамай ақша қаражатын аударуда 85 млн теңгеден астам сомаға қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 131 мың теңге сомасына айыппұл салынды.
Бүгінгі таңда Департаментпен Катонқарағай ауданының 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес тағы 7 білім беру объектісінде жоспарлы аудиторлық іс-шаралар жүргізілуде.