Меню

Страницы

Статья

Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы анықталған бұзушылықтар

Бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің мониторингі нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүргізген, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, 2023-2024 жылдардағы білім беру саласындағы жалақы бойынша артық қаражат аударудың жоғары қаупі анықталды.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Қостанай облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  "Рудный қаласының білім бөлімінің Качар орта мектебі № 1" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалақыны есептеу және аудару негізділігі бойынша аудит жүргізді.

Аудит барысында 26 689,8 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қайтаруға жататын - 4 591,7 мың теңге, қалпына келтіруге - 22 098,1 мың теңге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 33 480,5 мың теңге сомасында.

Аудит барысында анықталған айрықша факт - Мекеменің бухгалтеріне 4 571,8 мың теңге мөлшерінде негізсіз жалақы аударылған, ол толық көлемде өтелген. Осы факт бойынша 2024 жылдың 1 шілдесіндегі сот үкімімен Мекеменің бұрынғы бас бухгалтері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде Департамент Мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде бұйрық жіберді.

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

 

 

Дата публикации
20 сентября 2024
Дата обновления
20 сентября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы