ҚР ІІМ ҚАЖК «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ-ге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жазаларды орындауға бөлінген қаражат бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді.
Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша бюджет кірісіне өтелуге жататын 1 239 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ, 31 517 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Осылайша, аудит әскери қызметшілерге ағымдағы тұрғын үй төлемдерін негізсіз төлеуді, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін тауарды жеткізуді, жанар-жағармай материалдарын негізсіз есептен шығаруды, сондай-ақ іссапар шығындарын негізсіз өтеуді белгіледі.
Бүгінгі таңда бюджетке 568 мың теңге өтелді. Аудит объектісімен бюджет кірісіне қаражат қалдығын өтеуді қамтамасыз ету мақсатында талап-арыз жұмысын жүргізілуде.
Жол берілген бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке және 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, аудит объектісіне негізгі құралдарды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.