Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2024 жылдың 8 айында есепке 26 аудиторлық іс-шараны, оның ішінде ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес-19 және бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша 7, оның ішінде 2024 жылға арналған тізбе бойынша жыл -3, 2023 жылға арналған тізбе бойынша (2024 жылға ауысатын) – 4 объект енгізді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 188 697,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар 640,9 млн.теңге;
- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 188 056,8 млн. теңге, оның ішінде 3 600,8 млн. теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзу.
Есепті кезеңде Департамент қабылданған ден қою шараларының нәтижелері бойынша бюджетке өтелді және бухгалтерлік есеп, жұмыстарды, қызметтерді орындау және тауарларды жеткізу бойынша 131,8 млн. теңге қалпына келтірілді (көрсетілді).
Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті 24 ұйғарым шығарды, оның ішінде 9 объекті бойынша орындау мерзімдері жақындады, 8 немесе 88,9% орындалды, 15 объекті бойынша орындау мерзімдері келмеді.
2024 жылдың 8 айында Департамент 78,8 млн. теңге сомасына 701 әкімшілік іс қозғады, оның ішінде бюджетке 75,3 млн. теңге немесе 95,6% сомасында өндіріп алынды.