Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша камералдық бақылау нәтижелері

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 1 317 624 832,2 мың теңге сомасына 28 816 мемлекеттік сатып алу рәсімін камералдық бақылаумен қамтып, 148 590 174,3 мың теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 3 805 хабарлама жолдады.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жиі жол берілетін бұзушылықтар әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін жоғары және негізсіз талаптар мен шарттарды белгілеу, сондай-ақ, қатысушылар шеңберін тарылтатын жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын, сатып алу нысанасының сипаттамаларын көрсету болып табылады.

Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, тапсырыс берушілер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдауға көбінесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік емес тәсілмен сатып алу жағдайының ерекшелігін растайтын тиісті негізсіз жол беріледі.

Мерзімінде орындалмаған хабарламалар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабына сәйкес жалпы сомасы 1 246,1 мың теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабына сәйкес жалпы сомасы 20 250,6 мың теңге. Жасалған хаттамалар бойынша барлығы 21 496,7 мың теңге өндірілді.

Дата публикации
04 сентября 2024
Дата обновления
04 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы