Меню

Страницы

Статья

Ішкі мемлекеттік аудит жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы

Үздік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелерін және ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құруға ұмтылатын заманауи мемлекеттің өзіндік үлгісін жасады.

Мемлекеттің қабылданған стратегиялық құжаттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуын көрсетеді.

Transparency International (TI) халықаралық үкіметтік емес ұйымы жыл сайын жарияланатын сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан бір сатыға көтеріліп, 180 елдің арасында 101-ші орында тұр. Бұл ретте ел 100 балдық жүйе бойынша 36 балл жинады, мұнда 0 балл– сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары деңгейін, 100 балл – оның жоқтығын білдіреді.

Бастапқы деректерге сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының өсуіне көптеген себептер ықпал етеді. Сондықтан қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты төмендету және сәйкесінше сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін арттыру үшін негізгі себептерді жоюмен қатар, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін қосымша реттеуші құрамдастары - мәдениет пен этикалық құндылықтар аса маңызды.

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджменті мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының құрамдас бөлігі болуы мүмкін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және халықтың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджменті әр түрлі мемлекеттік органдарда әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көпшілігінің жасалуына жақсы тосқауыл немесе басқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Заңының 22- бабына сәйкес «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» делінген.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті қаржылық есептілік аудиті, сәйкестік аудиті, камералдық бақылауды жүзеге асыру, ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету болып  табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында да айқындалған.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін негізгі ақпарат көздері нормативтік-құқықтық актілер болып табылады. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен (бұдан әрі - Департамент) тұрақты түрде жоғарыда аталған заңнамалық актілердегі олқылықтарды жоюға ұсыныстар енгізіледі. Мұндай олқылықтарды азайту немесе жою сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға септігін тигізеді деп санаймыз.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығымен бекітілген электрондық мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларында электрондық мемлекеттік аудит жүргізу тәртібі айқындалған.

 Осыған орай, 2024 жылдан бастап департамент аудиторлық іс-шараларды электрондық аудитпен қамтып, осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа әкелетін факторлардың бірі болып табылатын байланыстарды жою арқылы мемлекеттік аудит объектілеріне түсетін жүктемені азайтуда.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудиттің бизнес – процестерін автоматтандыру, яғни мемлекеттік аудит жүйелері мен Қазынашылық органдарын интеграциалау, мемлекеттік аудиторға аудит объектісі бойынша бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша кедергісіз ақпарат алу, ол туралы сапалы баға беруге мүмкіндік береді, бұлда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпалын тигізеді.

Мемлекеттік сатып алуларға айтарлықтай қаржы ресурстары бағытталғанын ескерсек, олардың нысаналы және тиімді пайдалануы өте маңызды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамалардың толық жетілмегендігі, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қарамастан, мемлекеттік сатып алу жүйесінің ұйымдастырушылары мен субъектілері, яғни мемлекеттік сатып алуға қатысушылар оны айналып өтетін олқылықтар әлі де табылып отыр.

Сондықтан, департаменттің мемлекеттік сатып алуды камералық бақылау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, негізінен, камералық бақылау нәтижелерінің ашық болуына, яғни мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлық мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуына байланысты ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне әкеледі.

Әрине, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырмайтын салалық заңнама нормаларын дұрыс қолдану қызметкерлердің құзыреттілігі мен адалдығына байланысты.

Департамент қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізеді.

 Осылайша, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге қойылатын талаптар белгіленеді:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау жөніндегі жазбаша міндеттемелерді ресімдеу;

- Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет атқару кезеңінде пайдалануы кіріс алуға әкеп соғатын мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қажеттілігі туралы жазбаша хабарламалар беріледі.

Объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнама аудит объектісімен мүдделер қайшылығы болған жағдайда мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуіне тыйым салады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты Департамент басшылығы аудиторлық іс-шараларды тағайындау кезінде мемлекеттік аудитор мен тексерілетін объекті арасында мүдделер қақтығысының болуын ескереді.

Департамент басшылығы тұрақты негізде аудиторлық іс-шараларды бастау алдында аудиторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау бойынша нұсқама береді.

Жалпыға бірдей декларациялау аясында Департамент қызметкерлері өз кірістері туралы мәліметтер уақытылы ұсынуда.

Бақылау функциялары сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары санатқа жатады. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, өткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы ұжымдық талқылау, сондай-ақ оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде шаралар қабылдау, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне төзбеушілікті қалыптастыру кезінде пәрменді шаралардың бірі болып табылады. Басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарым-қатынасы ұжымның сыбайлас жемқорлыққа деген қарым-қатынасынның негізі болып табылады.

Басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарым-қатынасы ұжымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мәдениет пен этикалық құндылықтарды айқындайды. Қолданыстағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес Департаментте Әдеп жөніндегі кеңес жұмыс жасайды, олда ұжым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нормаларымен мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу құзыреттілік негізінде ілгерлерту тетіктері арқылы меритократия қағидалары енгізілді. Осыған байланысты Департаментте мемлекеттік қызметтің «мансаптық өсу» моделін практикада толық көлемде қолданылуда. Мәселен, өткен жылы осы модельдің талаптарына сәйкес тағайындау департамент қызметкерлерінің ішінде департамент басшысының орынбасары, қаржылық есептілік аудиті, камералдық бақылау бөлімдерінің басшылары, бас мамандары лауазымдарына ауыстырылды.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит Комитеті жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп,  нәтижелері бойынша  департаменттердің жұмыста басшылыққа алауға бір қатар шараларды, оның ішінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азайту бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ аудиттелетін объектіге алдын ала зерттеу жүргізу кезінде, жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды тағайындау кезінде, аудит объектісі мен мемлекеттік аудитор арасындағы мүдделер қақтығысын ескеріп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, электрондық аудит форматында жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың үлесін ұлғайту шаралары ұсынылған. Сонымен бірге,  Комитетпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім лауазымдар тізімін қалыптастырылған.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелері айқын болып, қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі есеп беретін және транспарентті
(ашық) мемлекет деңгейіне жеткенге дейін сақталуы тиіс екенін атап өткім келеді.

 

Дата публикации
07 августа 2024
Дата обновления
07 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы