Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау қызметінің 2024 жылдың I-жартыжылдығына арналған қорытындылары

Департамент өз құзыреті шеңберінде Павлодар облысының мемлекеттік сатып алуларына тұрақты негізде камералдық бақылау жүргізеді.

Камералдық бақылау процесінде қорытындылар кезеңдерінде әлеуетті өнім берушілердің шағымдары түскен кезде және хабарландыру, талқылау, алдын ала жіберу кезеңдерінде  сатып алу қамтылуға жатады.

Сонымен қатар, камералдық бақылауға баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша сатып алу, тамақтануды ұйымдастыру, сондай-ақ бір көзден мемлкеттік сатып алу тәсілі жатады.

2024 жылдың I-жартыжылдығында камералдық бақылаумен 11 643 (лот) немесе  98,3 % - дан астам  мемлекеттік сатып алулар қамтылды.

Камералдық бақылау шеңберінде аудит объектілер тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда жіберілетін хабарламаларсыз да болмайды.

2024 жылдың I-жартыжылдығында Департамент аудит объектілеріне 940 хабарлама жолдады, оның ішінде 890 хабарлама орындалды, бұл пайыздық арақатынаста 94,6 %  құрайды.

Көрсеткіштің төмендеуі сатып алудың рейтингтік-балдық жүйені пайдаланатын конкурс, негіздемелік келісімдерді, электронды дүкенді сияқты сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін енгізуге байланысты.

Негізінен, келесі бұзушылықтар белгіленуге жатады: негізсіз біліктілік талаптары, лоттарға бөлінбеу, сатып алуларды жалпы негіздерде жариялау, ал мүгедектер қоғамдары арасында болыу тиіс, ұлттық стандарттарды көрсетпеу, әлеуетті өнім берушілерді негізсіз жіберу және қабылдамау, жұмыс тәжірибесін дұрыс есептемеу.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу қорытындылары кезеңінде камералдық бақылау арқылы әлеуетті өнім берушілердің 1000-нан астам өтініші қаралды.

Қорытындылай келе, камералдық бақылаудың негізгі мақсаты өз бетінше жою құқығын бере отырып, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтардың, белгіленген бұзушылықтардың дербес жойылуын ұсына отырып, бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу болып табылады.

Дата публикации
02 августа 2024
Дата обновления
02 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы