ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылдың I-жартыжылдығында жалпы сомасы 123 млрд. теңгені құрайтын 13 616 сатып алулар рәсімін камералдық бақылаумен қамту қамтамасыз етілді.
Нәтижесінде, 16,8 млрд. теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 1 840 хабарлама жіберіліп, оның ішінде, 500 хабарлама тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты сатып алуларға келсе, 486 хабарлама бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен сатып алуларға тиесілі.
Талдау көрсеткендей, тамақтандырумен байланысты қызметтер тауарларды сатып алудағы жиі бұзушылықтар болып іріктеу критерийлері бойынша балдарды заңсыз анықтау табылады.
Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден сатып алу жағдайында, тапсырыс берушілер мұндай тәсілді таңдауға көбінесе тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен сатып алу жағдайының ерекшелігін растайтын тиісті негізсіз жол беріледі.
Сонымен қатар, камералдық бақылау шеңберінде 1 325 арыз қаралып, оның 887 өтініші толық немесе жартылай қанағаттандырылып, 438 бас тартылған.
Жекелеген жағдайларда, хабарламаларды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 28 іс қозғалған.