Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы жылдың 6 айында 46 аудиторлық іс - шара өткізді, оның ішінде 8 жоспарлы аудиторлық іс-шара және 38 жоспардан тыс іс-шара. Жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды өткізуге Комитеттің тапсырмалары, құқық қорғау органдарының қайта жіберілген шағымдары мен өтініштері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз болды.
Департамент қызметінің көрсеткіштерінің бірі жалпы сомасы 5 091 598,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтарды қалпына келтіру және өтеу сомасы болып табылады: оның ішінде 250 524,9 мың теңге қалпына келтірілді, 79 394,0 мың теңге өтелді және есепке алу бойынша 4 761 679,1 мың теңге көрсетілді
Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген жауапты тұлғаларды қарау мақсатында аудит объектілеріне 45 нұсқама жіберілді, оның ішінде 38 нұсқама орындалды. 5 нұсқама бойынша 5 материал Жетісу облысының прокуратурасына берілді (оның ішінде 3-де қылмыстық іс қозғалды, 2 материал қаралуда).
Жүргізілген аудиторлық іс - шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 39 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.
Анықталған бұзушылықтарды талдау аудит объектілерінде бұзушылықтарға жол берілетінін және жалақыны есептеу және төлеу жөніндегі қағидалардың талаптары сақталмайтынын көрсетеді сондай-ақ аудит объектісінің лауазымды адамдары нақты орындалмаған жұмыстар үшін жалақыны, сыйлықақыларды, бюджет қаражатын аударуды және орындалмаған жұмыс көлемінен өсімпұлды есептеуді негізсіз жүргізеді және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтамау себебінен өзге де төлемдер.
Анықталған бұзушылықтардың себептері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары мен есепшілері тарапынан нормативтік-құқықтық актілерді тиісінше зерделемеу болып табылады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар мен бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жол бермеу мақсатында аудит объектілеріне Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтау жөніндегі қорытындылары мен ұсынымдары бар аудиторлық қорытындылар жіберіледі.