Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 35 аудиторлық іс-шара, оның 14-і электрондық аудитпен, оның ішінде 2023-2024 жылдарға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 7 аудиторлық іс-шара және жоспардан тыс аудитпен 28 аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 4 110 880,1 мың.теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 800 533,8 мың.теңге бюджетке өтелуге және қалпына келтіруге жатады.
Қабылданған шаралар бойынша 103 317,8 мың.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, оның ішінде: есепке алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу арқылы 60 302,1 мың.теңге қалпына келтіріліп, 43 015,7 мың.теңге бюджетке өтелді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 17 лауазымды тұлға 3042,3 мың.теңге көлемінде айыппұлмен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке толық көлемде төленді. Тәртіптік жауапкершілікке 21 лауазымды тұлға тартылды.
Бұзушылықтардың негізгі үлесі орындалған жұмыс көлемін асыра көрсетуге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға, жалақы мен іссапар шығындарын, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу қағидаларын бұзуға тиесілі.
Бұзушылықтар лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан, кейбір жағдайларда бухгалтерлердің біліктілігінің төмендігінен, қызметкерлердің лауазымдық жалақысын есептеу үшін дұрыс коэффициенті қолданбауынан, мердігерлердің құрылыс нормаларын сақтамауынан, тапсырыс берушiнiң мердiгердiң жұмысына тиiсiнше мониторинг жасамауынан және бақыламағандығынан, шарттық мiндеттемелердiң тиiсiнше орындалмағандықтары себепкер болып табылады.
Мысалға, Қарағанды облысы білім басқармасының «№1 арнайы мектеп – интернаты» КММ-нде 2021-2023 жылдарда №1 мектеп интернаты ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген сәйкестік аудит нәтижесінде «КазЕвроСтрой» ЖШС-не №1 мектеп интернаты ғимаратына күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жасамастан негізсіз 11 030,8 мың теңге аударылған. Сонымен қатар, 372 611,0 мың теңгеге рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Қарағанды облысы білім басқармасының «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нде еңбекақыны, сыйлықақыларды төлеудің негізділігіне және 2022 жылғы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың талаптарын орындалуына жүргізілген сәйкестік аудит нәтижесінде жалпы сомасы 3 640,2 мың теңгеге еңбекақыны негізсіз төлеу анықталды. Сонымен қатар жалпы сомасы 71,2 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 2 нысанда жалпы сомасы 344 183,1 мың теңге болатын жымқыру белгілері бар бұзушылықтар фактілері анықталды:
«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-нде жалпы сомасы 5081,7 мың теңге ақша қаражаты жалақыдан артық есептеліп, негізсіз аударылған.
«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нде сүтті өңдеуге нақты жеткізбей, жалпы сомасы 339 101,4 мың. теңгеге негізсіз субсидия бөлу фактілері анықталды. Аудит материалдары Облыс прокуратурасына процессуалдық шешім қабылдауға жолданды.
Департаментпен тұрақты түрде заң бұзушылықтар сомасын толық өтеу және қалпына келтіру және кінәлілерді жазалау бойынша заңнамада көзделген барлық шараларды қабылдайды.