Департаментпен 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 43 аудиторлық іс-шаралары өткізілді.
Аудиторлық іс – шаралардың қорытындылары бойынша бюджет және өзге де заңнаманы бұзушылықтар 7 319,2 млн.теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 7 253,8млн.теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - 65,4 млн.теңге анықталды.
Қалпына келтіруге, өтеуге, бухгалтерлік есепте көрсетілуге және сәйкес келтіруге жататын жалпы сома 7 282,1 млн.теңгені (немесе анықталған бұзушылықтар сомасының 99,5 пайызы) құрады, оның ішінде:
қалпына келтіруге жататыны – 1 265,3 млн. теңге, оның ішінде тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен қалпына келтірілгені – 341,5 млн. теңге (27,0 пайызы),
бюджетке өтелуге жататыны – 350,1 млн. теңге, оның ішінде бюджет кірісіне өтелгені – 71,5 млн. теңге (20,4 пайызы),
есепке алу бойынша – 5 638,4 млн. теңге, оның ішінде есепке алынғаны бойынша – 5 638,4 млн. теңге (100 пайызы),
сәйкес келтіруге жататыны – 28,3 млн. теңге, сәйкестендірілгені – 15,2 млн.теңге (53,7 пайызы).
Өтелмеген және қалпына келтірілмеген қалдықтар бойынша қылмыстық, сот және талап-арыз жұмыстары жүргізілуде.
Орындау мерзімдері есепті күні өткен бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 27 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 26 немесе 96,3 пайызы орындалды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тексерілген объектілердің 32 қызметкері тартылды.
Департаментпен құқық қорғау органдарына 18 маман қорытындысы түзетіліп ұсынылды.
Бақылауға жататын 14 477 лоттың 14 151 лоты немесе 97,7 пайызы камералдық бақылаумен қамтылып, қорытындысымен 1818 хабарлама жолданып, уақытылы орындалмаған 26 хабарлама бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462 бабы 3 тармағымен 13 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік сатып алу заңнамаларың бұзушылықтардың жалпы сомасы 34,9 млн. теңгені құрады.
2024 жылдың есептік кезеңінде Департаменттің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 6,0 млн.теңгеге 111 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 5,9 млн. теңге өндіріліп алынды, бұл өтеудің 98,3 пайызын құрайды.
Процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 2 материал жолданып, олар бойынша қылмыстық істер қозғалып, өндірісте жатыр.