ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасын бюджет кірісіне өтеу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
2024 жылдың 6 айдағы қорытындысы бойынша - 145 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 75 хаттамасы мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 207-бабы бойынша, 38 хаттама бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабы бойынша, 5 хаттама заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 239-бабы бойынша, 27 хаттама мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы негізінде толтырылған.
ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылғы 6 айда жалпы сомасы 15 654,1 мың теңгеге айыппұл салынып, оның ішінде 15 458,4 мың теңге өндіріп алынды.
Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде қолданады, бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға қатысты санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшеріндегі айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.