Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы қорытындысы

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Департаментпен 21 аудиторлық іс – шара өткізілді, онда 16,7 млрд.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның 40,5% немесе 6,8 млрд. теңгесі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама саласында бұзушылықтар, 38% немесе 6,4 млрд. теңге-мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану кезінде заңнаманы бұзушылықтар. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама саласында елеулі бұзушылықтар байқалады – 16,2% немесе 2,7 млрд.теңге.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан Қаржы 4 918,7 млн. теңгені, рәсімдік-11 830,4 млн. теңгені құрайды есепті күнге қабылданған шаралармен 4 324,8 млн.теңге (88%) сомасына бұзушылықтар жойылды, 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департамент Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген бұзушылықтар үшін 13,8 млн. теңге сомасына айыппұл түрінде 155 Әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде 13,4 млн.теңге немесе 97,3% өндірілді.

Прокуратура органдары маман ретінде тартқан Департамент қызметкерлерімен 10 қорытынды берілді, онда жалпы сомасы 168,8 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылаумен жалпы сомасы 274,7 млрд.теңгеге 13 503 рәсім (лот) қамтылды, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 19,9 млрд. теңге сомасына 1 860 хабарлама жіберілді. Есепті күнге 19 млрд. теңге сомасына 1 843 хабарлама орындалды, 955,7 млн. теңге сомасына 17 хабарлама бойынша орындау мерзімі басталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 июля 2024
Дата обновления
23 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы