Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мониторинг нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, "Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" КММ "Шал ақын ауданының білім бөлімі" КММ қызметкерлерінің карточкалық шоттарына 01.01.2023 ж. бастап 30.04.2024 ж. дейінгі кезеңде ақшалай қаражатты аударудың негізділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс аудит жүргізді.
Аудит жүргізу барысында мекеме қызметкерлерінің жалақысын жалпы сомасы 10 417,4 мың теңгеге негізсіз аудару анықталды.
Қабылданған шаралармен қаржылық бұзушылықтар сомасы 8 441,5 мың теңге бюджет кірісіне аударылды.
Аудит материалдары білім беру объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына берілді.