Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) бюджет қаражатының пайдаланылуына ішкі мемлекеттік аудит жүргізудің негізгі функцияларын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 30 аудиторлық іс – шара, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 7 іс-шара, басқа негіздемелер бойынша - 23 іс-шара өткізілді.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 17760,3 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 14589,5 млн. теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасынан 17760,3 млн.теңгесі өтелуге, қалпына келтіруге және есепке алуға жатады, оның ішінде 16650,1 млн.теңге немесе 94,0% бұзушылықтар жойылды.
Анықталған бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке 20 лауазымды тұлға тартылды.
Аудит нәтижелері бойынша 2,2 млн.теңге сомасына айыппұл салумен 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 328,7 млн.тенге соммасына 1 материал берілді.