Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар есебі

 

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан  2024 жылдың 1 жартыжылдық  қорытындысы бойынша  91 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде  89 іс-шара жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 2 іс-шара -республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.

Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 25476,3 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 76476,2 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 17829,0 млн. теңгені және   рәсімдік  бұзушылықтар 58647,2 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 17829,0 млн. теңге қаржылық бұзушылықтардан 17695,0 млн. теңге (99,0%)  өтелді және  қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 76,6 млн. теңге болса, бюджетке 76,6 млн. теңге (100,0%) өтелді және жалпы сомасы 17618,5 млн. теңгеге  тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және  есеп бойынша көрсету  арқылы қалпына   келтірілді.

2024 жылдың 1  жартыжылдық қорытындысы бойынша камералдық бақылаумен 417977,9 млн. теңге соманың  16238 лоты мен жоспар  тармақтары (қамту 98,8 %  құрайды)   қамтылды, 2406 лот бойынша 43044,4 млн.теңгеге бұзушылықтар  аңықталды.

Департамент тарапынан есепті кезеңде 21 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,6 млн. теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және ол толығымен бюджетке өндірілді.

Сондай-ақ  ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 77 лауазымды тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 июля 2024
Дата обновления
23 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы