Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері туралы

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізуді, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асырады, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жүргізеді.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес мемлекттік сатып алуларға камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекел бейіндері мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүзеге асырылады.

2024 жылдың 6 айында 332 507,5 млн.теңгені құрайтын 18 155 мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді.

Жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Департамент тарапынан ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге барлығы 4 778 хабарлама жіберілді.

Одан бөлек, мемлекеттік сатып алу веб-порталының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша Департаментке заңды және жеке тұлғалардан 2254-ке жуық арыз-шағым түсіп, 1308-ге жуық арыз толық және ішінара қанағаттандырылған.

Атап өтетін жәйт, мемлекеттік сатып алуды ұымдастырушылар тарапынан камералдық бақылау бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған хабарламаларды тиісінше орындамау, яғни толық дәрежеде орындамау не нұсқамаға сәйкес орындамау салдарынан бюджеттік қаражаттың мерзімінде игерілуін тежейді және әкімшілік ауырпашылықтың ұлғаюына әкеліп соғуда.

Департамент тарапынан жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды  орындамаған немесе тиісінше орындамағаны үшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы 31 хат жолданды, 17 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жіберілді.

 

 

Дата публикации
23 июля 2024
Дата обновления
23 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы