Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылдың 6 айы ішінде жалпы сомасы 573.7 млрд теңгені құрайтын 19 574 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралуға жатты, оның ішінде 485.4 млрд теңгеге 19 194 лот қаралған.
49,0 млрд.теңге сомасына 1 722 лот (8,9%) бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1 668 лот бойынша (сомасы 46,9 млрд.теңге) хабарлама жолданды, оның ішінде 498 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 61 хабарлама бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу, 331 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою, 778 хабарлама бойынша қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру.
Әлеуетті өнім берушілерден мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолданған 1820 шағым қаралды, оның ішінде 419-і толық қанағаттандырылды, 456-сы қанағаттандырылмады, 880 ішінара расталды (ашық конкурс тәсілі 887 шағым, конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу 151, конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін тауарларды сатып алу 606, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс 59, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу 77, аукцион тәсіліне 40 шағым түсті).
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 40 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 17 хаттама толтырылды.