Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 49 аудиттік іс-шара жүргізді. Аудитпен қамтылған бюджеттік қаражаттың жалпы көлемі 17,9 млрд. теңгені құрады.
Тексеру барысында 13,5 млрд. теңге сомасында бюджеттік қаражатты пайдалануға қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 7,1 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтарға, ал 6,4 млрд. теңге процедуралық бұзушылықтарға тиесілі.
Анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою үшін департамент тарапынан шаралар қабылданып, нәтижесінде 774,5 млн. теңге бюджеттік қаражат қалпына келтіріліп, қайтарылды.
Жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша енгізілген нұсқамалардың нәтижесінде 33 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 14 лауазымды тұлға 3045,8 мың теңге көлемінде айыппұлға тартылды.
Аудиттік қызметтің нәтижелері мемлекеттік қаражатты пайдалану бақылауын күшейту және бюджеттік қаржыландыру саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттілігін көрсетеді.
Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржылық тәртіпті жақсарту және бюджеттік қаражатты пайдалану ашықтығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Қабылданған шаралар мен анықталған бұзушылықтар мемлекеттік ресурстарды тиімді басқару үшін қатаң бақылау мен заңнамалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.