2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 15 аудиттік іс-шара жүргізіп, нәтижесінде жалпы сомасы 185 301,2 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Бұл бұзушылықтар 329,8 млн. теңге мөлшеріндегі қаржылық сәйкессіздіктерді және 184 971,4 млн. теңге мөлшеріндегі процедуралық бұзушылықтарды қамтиды.
Қабылданған шаралар аясында бюджетке 81,5 млн. теңге қайтарылды және қалпына келтірілді. Аудит материалдары 16 419,9 млн теңге сомасына құқық қорғау органдарына қосымша қарауға жіберілді.
Аудиттік іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 55,2 млн. теңгеге 516 әкімшілік өндіріс қозғалды, бұл қаражат толық көлемде бюджет кірісіне өндірілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алуларды 1 304 995,7 млн. теңге көлемінде қамтыды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 3 567 бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді.
Анықталған бұзушылықтардың негізгі себептері Қазақстан Республикасының бюджетті орындау саласындағы заңнама нормаларын сақтамау болып табылады. Бұл өз кезегінде бюджеттің әзірленуі мен орындалуында қателіктерге, сондай-ақ бюджеттік қаражат пен мемлекеттік активтердің тиімсіз пайдаланылуына әкеледі.
Қызметтің тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында мекеме басшылары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиісті ұсынымдар жіберілді. Бұл шаралар бюджеттік қаражат пен мемлекеттік активтерді пайдаланудағы ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.