Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен аумақтық Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің (бұдан әрі - ІМАД) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі - Стандарттар) және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғастырылуда.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша екінші деңгейдегі сапа бақылауымен барлығы - 200 ІМАД аудит материалдары қамтылған, оның ішінде 17 (8,5 %) аудит материалы Стандарттарға және Қағидаларға сәйкес келмейді.
Орындалған аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша Стандарттарға сәйкес келмейтін аудиторлық материалдардың саны айтарлықтай азайды.
Осылайша, талдау Стандарттарға сәйкес келмейтін аудиторлық материалдардың үлесі ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,5 %-ға төмендегенін көрсетті.
Стандарттарға сәйкес келмейтін материалдардың екінші деңгейдегі сапа бақылауы мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылды:
- ҚР Қаржы министрлігінің Апелляциялық комиссияның ұсынымдарының негізінде - 5 материал;
- ІМАД-і жүргізген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау (ҚБ/ТБЖ кіші жүйесі арықылы аудит материалдарын жоспарлы іріктеу) негізінде - 12 материал.
Жүргізілген талдау аудит материалдарын Стандарттарға сәйкес келмейді деп танудың негізгі себептері болып келесілер табылатынын көрсетті: анықталған бұзушылықтарды растайтын объективті, маңызды, жеткілікті аудиторлық дәлелдемелердің болмауы; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз етпеу (аудит жүргізуге негіз болған мәселелерді толық қамтымау); ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасымен бекітілген барлық мәселелердің толық талдауды (қамтуды) қамтамасыз етпеуі және т.б.).
Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнама бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында Комитет ІМАД қызметкерлерінің қатысуымен бекітілген кестеге сәйкес «бейнеконференцбайланыс» арқылы техникалық оқытулар жүргізілді, онда 2-деңгейдегі сапаны бақылау қорытындыларында көрсетілген кемшіліктер мен ескертулерді алдын алу мақсатында талқыланады. Тиісті мамандардың тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.